2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 32 107 237,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 22 733 519,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 204 429,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 111 225,0 мың теңге; трансферттер түсімі - 6 058 064,0 мың теңге; 2) шығындар - 30 252 010,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - - 158 241,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 55 134,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 213 375,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 286 263,0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 286 263,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 727 205,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -1 727 205,0 мың теңге. 2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді: 1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%; 2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%. 3. Қалалық бюджет шығындарында 6 811 954,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қарастырылғаны ескерілсін. 4. Қалалық бюджет шығындарында 371 987,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде: Краснояр ауылдық округіне 301 214,0 мың теңге сомасында; Станционный кентіне 70 773,0 мың теңге сомасында. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|