Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 160/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 27/1 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 160/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 болып тіркелді, 2015 жылғы 17 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесідей толықтырулар енгізсін: көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу».»; көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын. 2. «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|