ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы (2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы; 3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен); 4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қазанның 13-і.
№ 563
ҚР Президентінің 2022.03.10. № 1029 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|