Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын мынадай нысандар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес консультацияларды тіркеу журналы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүгедектік және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамаларды есепке алу журналы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүгедектік туралы анықтаманы беруді тіркеу журналы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманы беруді тіркеу журналы; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірмені беруді тіркеу журналы; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытындыларды беруді тіркеу журналы; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама актілерінің қозғалысын есепке алу журналы; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мүгедектік туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірмелерді әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын органдарға беру (жіберу) тізілімі; 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмелерді әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын және жүзеге асыратын органдарға беру (жіберу) тізілімі бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|