| ||||||||||||||||||||
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ 2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары 4-бап. Осы Заңның негізгі міндеттері 2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ 5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құқықтары 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 8-бап. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті 9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 10-бап. Отбасын қолдау орталықтарының құзыреті 11-бап. Мобильді топтардың құзыреті 12-бап. Прокуратура органдарының құзыреті 13-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті 14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 15-бап. Әділет органдарының құзыреті 16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті 17-бап. Әскери басқару органдарының құзыреті 18-бап. Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдарының құзыреті 19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті 20-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 22-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құзыреті 23-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті 24-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті 26-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті 27-бап. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті 28-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдардың құзыреті 29-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті 30-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті 31-бап. Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 32-бап. Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың құзыреті 33-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 35-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары 36-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестіктері төрағаларының құзыреті 37-бап. Көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың құзыреті 3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУЫ 38-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР 4-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ШАРАЛАР 41-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар 44-бап. Ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау 45-бап. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту 46-бап. Қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері 47-бап. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын адамдарды көтермелеу шаралары 5-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР 48-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар 49-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдау себептері мен негізі 50-бап. Профилактикалық әңгімелесу 51-бап. Ресми алдын ала ескерту 54-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу 56-бап. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу 57-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну 58-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары 59-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау 61-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу 63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату 65-бап. Əкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу тəртiбi 66-бап. Əкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру тəртiбi 67-бап. Тəрбиелік тұрғыдан əсер ету шаралары 69-бап. Психологиялық көмек көрсету 6-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ШАРАЛАР 70-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар 71-бап. Құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар 72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері 73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері 74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері 75-бап. Қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері 76-бап. Экономикалық құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері 78-бап. Баса назар аударуды талап ететін кəмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу 79-бап. Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 80-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары 81-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік бейімдеу - қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені; 2) әлеуметтік оңалту - өмірде қиын жағдайда қалған адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардапты еңсеру процесі; 3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу - педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтауға және оларға уақтылы қолдау көрсетуге бағытталған жеке әлеуметтік және психологиялық-педогогикалық шаралар кешені; 4) заңға бағынатын мінез-құлық - адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін саналы мінез-құлқы; 5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері - зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер; 6) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, адамгершілік, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және оны әлеуметтік ортаның теріс әсерінен қорғауға бағытталған мінез-құлық қағидалары мен нормаларын дарыту бойынша ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыскерлері тарапынан әсер етудің үздіксіз процесі; 7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға немесе қоғамға жат мінез-құлық танытуға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактика жөніндегі шаралармен бірге жиынтықта жүзеге асырылатын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар кешені; 8) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар - осы Заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 9) күш көрсету - дене күшін қолдану және дене мүшесін ауырту арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтіру; 10) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау жоқ кәмелетке толмаған бала; 11) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен өмір салтына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс; 12) қоғамға жат мінез-құлық - жеке тұлғаның жалпы қабылданған мінез-құлық пен мораль нормаларын, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесін бұзатын, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін әрекеттері; 13) қоғамдық көмекші - құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат; 14) қоғамдық орын - тізбесі осы Заңда көзделген, халықтың пайдалануына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге, азаматтарға қызмет көрсетуге және олардың демалуына арналған, елді мекендер шегіндегі немесе олардан тыс жерлердегі ортақ пайдаланылатын орын; 15) құқық бұзушылық - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетін құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік); 16) құқық бұзушылық жасауға бейім адам - өзінің қоғамға жат мінез-құлқының қауіптілігіне байланысты ықтимал құқық бұзушылық жасау қауіп-қатері бар не құқық бұзушылық жасаған, профилактикалық есепте тұрған жеке тұлға; 17) құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені; 18) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шаралар - құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы, жеке және арнаулы шаралар; 19) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесі - құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің, түрлері мен шараларының жиынтығы, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру және мониторингтеу; 20) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері - құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары; 21) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы - нақты адамның немесе адамдар тобының құқық бұзушылықтан жәбір көру қауіп-қатерін азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды қолдану бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметі; 22) құқықтық тәрбие - азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, білім беру сипатындағы, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені; 23) отбасылық-тұрмыстық қатынастар - ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар; 24) панасыз қалған бала - тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала; 25) психологиялық қысым жасау - қорқыту, қорлау, бопсалау арқылы, немесе құқық бұзушылықты немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене бітімі және тұлғалық жағынан дамуының бұзылуына әкелетін іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы адамның психикасына қасақана әсер ету, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту; 26) сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қол сұғатын қасақана құқыққа қайшы әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер; 27) тұрмыстық зорлық-зомбылық - бір адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында басқа адамға (адамдарға) қатысты тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіретін немесе сондай қатері бар қасақана құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі); 28) экономикалық қысым жасау - адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары 1. Осы Заңның негізгі мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы саласында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады. 2. Құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарда жүзеге асырылады: 5) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы; 7) әрбір адамға және азаматқа қолданатын жеке тәсіл; 9) отбасын қолдау және сақтау; 10) адамға және азаматқа тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіруге жол бермеу.
4-бап. Осы Заңның негізгі міндеттері Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету; 2) құқық бұзушылық деңгейін төмендету; 3) құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу; 4) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру; 5) жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету; 6) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың белсенді түрде қатысуын арттыру; 7) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру; 8) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою; 9) азаматтардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және адамгершілік жағынан дамуына жәрдемдесу, қоғам мүддесімен, Қазақстан халқының дәстүрлерімен, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерімен ұштастырылған патриотизмге, азаматтыққа және бейбітсүйгіштікке тәрбиелеу; 10) баса педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету; 11) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактика жөніндегі шараларды жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру; 12) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы; 13) қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар арқылы мемлекеттік қолдау.
2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ
5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 1. Осы Заңда көрсетілген мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 1) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады және оны іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді және жағдайларды талдайды, анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды; 3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады; 4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 5) әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды қабылдайды; 6) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады; 7) саламатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады; 8) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; 9) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы масс-медиада ақпараттық жұмыс жүргізеді; 10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды. 2. Осы Заңда көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары құқық бұзушылық профилактикасы бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапты болады.
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құқықтары Қазақстан Республикасының азаматтары: 1) құқық бұзушылық профилактикасына ерікті түрде қатысуға; 2) құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге, басқа азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге; 3) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне профилактикалық іс-шараларда жәрдем көрсетуге; 4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы хабарлауға; 5) құқық бұзушылықты тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды қолдануға; 6) құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуға; 7) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, құқық бұзушылық профилактикасы саласында түсіндіру жұмысы мен құқықтық жұмысты жүзеге асыруға; 8) құқық бұзушылық профилактикасы саласында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) құқық бұзушылық санының өсуіне алып келетін дағдарысты демографиялық процестерге жол бермеу, жұмыссыздықтың күрт өсуін және халықтың өмір сүру деңгейінің құлдырауын тежеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді; 3) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесін, құрамын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді; 5) Қазақстан Республикасының Президентіне Қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы енгізеді; 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті Жергілікті өкілді органдар: 1) құқық бұзушылық профилактикасына арналған шығыстар бөлігінде жергілікті бюджеттерді бекітеді және олардың атқарылуын бақылайды; 2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдайды; 3) әкімнің ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын бекітеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары4-бап. Осы Заңның негізгі міндеттері 2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құқықтары7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті8-бап. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті10-бап. Отбасын қолдау орталықтарының құзыреті11-бап. Мобильді топтардың құзыреті12-бап. Прокуратура органдарының құзыреті13-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті15-бап. Әділет органдарының құзыреті16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті17-бап. Әскери басқару органдарының құзыреті18-бап. Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдарының құзыреті19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті20-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті21-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының құзыреті22-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құзыреті23-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті24-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті26-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті27-бап. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті28-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдардың құзыреті29-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті30-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті31-бап. Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті32-бап. Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың құзыреті33-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті34-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның құзыреті35-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары36-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестіктері төрағаларының құзыреті37-бап. Көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың құзыреті 3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУЫ38-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия39-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимыл жасауы40-бап. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндама 2-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР4-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ШАРАЛАР41-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар42-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу43-бап. Халық арасында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу44-бап. Ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау45-бап. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту46-бап. Қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері47-бап. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын адамдарды көтермелеу шаралары 5-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР48-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар49-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдау себептері мен негізі50-бап. Профилактикалық әңгімелесу51-бап. Ресми алдын ала ескерту52-бап. Жақындауға тыйым салу53-бап. Әкімшілік жаза54-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу55-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру56-бап. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу57-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну58-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары59-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау60-бап. Қорғау нұсқамасы61-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу62-бап. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны немесе өзге де қылмыстық-құқықтық əсер ету шараларын қолдану63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату64-бап. Əкімшілік қадағалау65-бап. Əкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу тəртiбi66-бап. Əкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру тəртiбi67-бап. Тəрбиелік тұрғыдан əсер ету шаралары68-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату жəне шеттету, баланы патронаттық тəрбиешінің тəрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу69-бап. Психологиялық көмек көрсету 6-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ШАРАЛАР70-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар71-бап. Құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері75-бап. Қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері76-бап. Экономикалық құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері77-бап. Балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуы жəне кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері78-бап. Баса назар аударуды талап ететін кəмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу79-бап. Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия80-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары81-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы82-бап. Профилактикалық есепте тұрған кəмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қолдану ерекшеліктері 3-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР83-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық84-бап. Құқық бұзушылық профилактикасын тікелей жүзеге асыратын жəне оған қатысатын органдар мен мекемелердің қызметін қаржылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі |