|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 11-1-4/644 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 11-1-4/644 бұйрығына қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|