|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 170 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде: 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;»; 266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «266) мемлекеттік жоспарлау салаларындағы уәкілетті органмен бірлесіп ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 272-6) тармақшамен толықтырылсын: «272-6) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;». 2. «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережеде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|