«Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 91 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 407-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жерлерді сақтап қою қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді сақтап қою ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 91 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысымен бекiтiлген
Жерлердi сақтап қою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жерлердi сақтап қою қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтiру, қоршаған ортаны жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығының тозған алқаптарын, шектi жол берiлетiн шоғырлануының және шектi жол берiлетiн әсер ету деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен тыс химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жерлердi, карантиндiк объектілермен, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдермен залалданған жерлердi (бұдан әрі - бүлінген жерлер) сақтап қою, сондай-ақ ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн алып қою және қорғау тәртiбiн белгiлейдi. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|