Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы (2019.12.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерінде (әрі қарай - Үлгі схемасы) адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуін ұйымдастырудың үлгілік схемасы; 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіз (өзен) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Сұлтанов 2013 жылғы 5 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі __________________ А. Жұмағалиев 2013 жылғы 3 желтоқсан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|