|
Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi; 2) Уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесi бекiтiлсiн. 2. «Өнеркәсiптiк толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi мен Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1679 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|