|
|
|
Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) басым жобаларға кредит беру тетігі; 2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген
Басым жобаларға кредит беру тетігі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін 2018 - 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 600 миллиард теңгеге дейін құрайды. 2. ЕДБ-ға қаражат беру шарттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты және өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 7 жылға дейін 600 миллиард теңгеге дейінгі мөлшердегі қаражатқа ЕДБ облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады. ЕДБ шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |