Жол карталарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 634 қаулысын медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жаңғырту мен басым дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін халық мұқтаждықтарының айналасына интеграциялау бөлігінде іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жіті миокард инфарктісі кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында жіті инсульттарды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының психикалық денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ДДҰ/ЮНЭЙДС стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы және дерматовенерологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында парентералдық вирустық гепатиттердің профилактикасы, диагностикасы, емдеу мен оның салдарларының алдын алу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|