|
2018 - 2020 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Осы редакция 2018 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2018 - 2020 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 61 240 365 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 47 378 675 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 250 018 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 724 201 мың теңге; трансферттер түсімдері - 12 887 471 мың теңге; 2) шығындар - 62 273 647 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - -456 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - 456 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 032 826 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 032 826 мың теңге. 2. 2018 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде облыстық бюджетке 22 934 016 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін. 3. Павлодар қаласының 2018 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 239 113 мың теңге сомасында бекітілсін. 4. 2018 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 5. Мойылды ауылының 2018 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|