Қазақстан Республикасының (2016.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік, коммерциялық», «коммерциялық, қызметтік» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылды, «коммерциялық және қызметтік», «қызметтік және коммерциялық» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред. қара)
2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02 № 230-III (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 1-бап өзгертілді; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агенттік облигация - эмитенті қаржы агенттігі болып табылатын облигация; 2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы; 3) андеррайтер - брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) ашық сауда-саттық әдісі - сауда-саттыққа қатысушының өзі өтініш берген және сауда-саттыққа ықтимал шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі; 4) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы; 5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу; 6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы; 7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы; 8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар; 9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi - белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - қаржы нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына орныққан бағадан (бағамнан) жоғары немесе төмен баға (бағам) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға, инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған әрекеттерi; 11) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға; 12) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры; 13) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер; 14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерiнiң арасында баға белгiлеудi айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 15) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесі - биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының осы баға белгілеу ұйымы клиенттерінің арасында баға белгілеуді айырбастауға қолдау көрсетіледі; 16) брокер - клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы; 17) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат; 18) бірыңғай тіркеуші- акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым; 19) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор; 20) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау; 21) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22) депозитарийлiк қызмет - басқа номиналды ұстаушылар, орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын ұйымдар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет; 23) депозитке салу - орталық депозитарийдiң өз клиенттерiнiң жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы; 24) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым; 25) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы; 26) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы; 27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар; 28) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы; 29) жеке шоттан үзiндi - орталық депозитарий, тiркеушi немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат; 30) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара) 31) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 32) инвестициялық комитет - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы; 33) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 34) инвестициялық портфельдi басқарушы - азаматтық құқықтар объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы; 35) инсайдер - инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға; 36) инсайдерлік ақпарат -бағалы қағаздар, (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат; 37) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 38) инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнде мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген, мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомадағы облигация; 39) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн өзге де өтiмдiлiгi жоғары активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 40) ислам арнайы қаржы компаниясы - ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес акционерлiк қоғамның не жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы; 41) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер - ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлiк және талап ету құқықтары, олар бойынша түсiмдер; 42) ислам бағалы қағаздары - шығару шарттары исламдық қаржыландыру принциптерiне сәйкес келетiн, материалдық активтердегi бөлiнбейтiн үлестi иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге және (немесе) табыстарға, қаржыландырылуы үшiн осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың қызметтеріне немесе активтеріне билiк ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар; 43) ислам бағалы қағаздарын өтеу - ұстаушыға тиесiлi ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу; 44) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкiлi - эмитентпен жасалған шарттың негiзiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесiнде әрекет ететiн ұйым; 45) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны -ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезiнде инвестор төлейтiн ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі; 46) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы; 47) клиент - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетiн тұлға; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 47-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 47-1) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры - клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат; 48) қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара) 49) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 50) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі - қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі; 51) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң және (немесе) бірыңғай тіркеушінің есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту; 52) қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналымына байланысты қатынастар жиынтығы; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара) 53) қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы уәкілетті органға тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 54) қор биржасының сауда жүйесi -осы қор биржасының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер оларды пайдалана отырып жасалатын қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, iшкi құжаттарының және өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi; 55) қор биржасының трейдері - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасасуға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттік берілген жеке тұлға; 56) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз; 57) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбастан бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқу мүмкін болатын өзге де материалдық жеткiзгiштегi) бағалы қағаздар; 58) левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өзіндік капиталы мөлшерлерiнiң арасындағы арақатынас; 59) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленiп, бағалы қағаздарды оған енгiзу; 60) лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 61) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 61-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын ислам арнайы қаржы компаниясы; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 63) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты растайтын фактiлердiң болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы; 64) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай; 65) номиналды ұстауды есепке алу жүйесi - номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер; 66) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi; 67) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi -бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым; 68) облигациялық бағдарлама - эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсiнде айқындалатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару; |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер(1-5 баптар)2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу(6-13 баптар)3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының ерекше талаптары(14-20 баптар)4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру(21-27 баптар)5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы(28-32 баптар)6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы(33-35 баптар)7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау(36-40 баптар)8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия(41-44 баптар)9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі(45-56 баптар)10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау(57-62 баптар)11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет(65-68 баптар)13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет(69-72 баптар)14-тарау. Кастодиандық қызмет(73-75 баптар)15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет(76-77 баптар)15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі16-тарау. Орталық депозитарий(78-82 баптар)17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы(83-90 баптар)18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар(91-100 баптар)19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат(101-107 баптар)20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау(108-112 баптар)21-тарау. Қорытынды ережелер(113-114 баптар) |