ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 947 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру» (2016.31.10. берілген өзгерістермен)
Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру: 1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы); 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 12 (он екі) ай өткен соң. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды. Мерзім: көрсетілетін қызметті алушы өтінім бергені үшін белгіленген мөлшерде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын уақытқа; көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы не хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа; көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын уақытқа; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|