| ||||||||||||||||||||
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 111-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасы 3-бап. Аумақтық қорғаныстың мақсаты мен міндеттері 4-бап. Аумақтық қорғаныстың қағидаттары 5-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы 6-бап. Аумақтық қорғаныс іс-шаралары 7-бап. Аумақтық қорғаныс жоспарлары 2-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері 9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 10-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыреті 11-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының құзыреті 13-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 14-бап. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың функциялары 15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 16-бап. Аумақтық қорғанысқа басшылық жасау 3-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ 17-бап. Аумақтық қорғаныс күштері және олардың арналымы 19-бап. Өзін-өзі қорғау құралымдары 20-бап. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын материалдық қамтамасыз ету және аумақтық әскерлерді ұстау 21-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау 4-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 22-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау 23-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі 24-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аумақтық қорғаныс аймағы - тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың шекараларымен айқындалған Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі; 2) аумақтық қорғаныс жоспары - аумақтық қорғанысты дайындау, өрістету және оның жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын өзара байланысты құжаттардың жинақталымы; 3) ерікті адам - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзін-өзі қорғау құралымына ерікті негізде қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы; 4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық әскерлерінің аумақтық органдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің құқықтарында бейбіт уақытта жұмыс істейтін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тактикалық әскери басқару органдары және олардың бөлімшелері; 5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері (бұдан әрі - аумақтық әскерлер) - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасы шегінде қалыптастырылған және Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындауға арналған әскери басқару органдары, әскери бөлімдер және олардың бөлімшелері; 6) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс объектілері (бұдан әрі - аумақтық қорғаныс объектілері) - әскери және мемлекеттік маңызы бар объектілер, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан өзге де объектілер; 7) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы (бұдан әрі - аумақтық қорғаныс) - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында аумақтық қорғаныс күштері жүзеге асыратын қорғаныс жүйесіндегі әскери және жалпымемлекеттік шаралар жиынтығы; 8) өзін-өзі қорғау құралымы - аумақтық қорғанысты дайындауға және оның міндеттерін орындауға қатысу үшін еріктілер қатарынан соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери басқару органдары құратын және жасақтайтын құралым.
2-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Аумақтық қорғаныстың мақсаты мен міндеттері 1. Аумақтық қорғаныстың мақсаты Қазақстан Республикасының халқын, аумақтық қорғаныс объектілерін және аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қарсыластың әрекеттерінен қорғау болып табылады. 2. Аумақтық қорғаныстың міндеттері мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағын, елді мекендерді қорғау және олардың қорғанысы, халықты қорғау; 2) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес аумақтық қорғаныс объектілерін қорғау және олардың қорғанысы; 3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайы режимін қамтамасыз етуге қатысу; 4) ұрыс қимылдарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігіндегі ұрыс қимылдарына қатысу; 5) қарсыластың десанттық және диверсиялық-барлау күштерімен және террористік топтармен күреске қатысу; 6) қарсылас уақытша басып алған (оккупациялаған) Қазақстан Республикасының аумағында қарулы күрес жүргізу; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер.
4-бап. Аумақтық қорғаныстың қағидаттары Аумақтық қорғаныстың қағидаттары мыналар болып табылады: 3) аумақтылық және көпшілікке ортақтық; 4) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру тәсілдерінің бірлігі; 5) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізудің міндеттілігі; 6) аумақтық қорғаныс іс-шараларын қаржыландырудың жеткіліктілігі; 7) аумақтық қорғаныс күштерін барынша аз уақыт ішінде өрістету және әрекет жасауға әзір ету.
5-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласында тәжірибе алмасу бойынша басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап. Аумақтық қорғаныс іс-шаралары Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлау; 2) аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін қабылдау; 3) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту; 4) аумақтық қорғаныс күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға әзірлікте ұстап тұру; 5) жергілікті атқарушы органдарды, халықты және аумақтық қорғаныс күштерін аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға дайындау; 6) аумақтық қорғаныс объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуын және диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды күтіп-ұстау; 7) орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, меншік нысандарына қарамастан ұйымдар, сондай-ақ аумақтық қорғаныс күштері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру; 8) аумақтық әскерлерді арнайы өрістету; 9) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес елді мекендерді, аумақтық қорғаныс объектілерін қорғау және олардың қорғанысы; 10) қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 11) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу; 12) қауіпсіздікке төнген тікелей қатер туралы халыққа күні бұрын хабар беру және құлақтандыру; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланысты ұйымдастыру; 14) аумақтық қорғаныс күштеріне басшылық жасау; 15) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларында көзделген өзге де іс-шаралар.
7-бап. Аумақтық қорғаныс жоспарлары 1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жоспары Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады және аумақтық қорғаныс аймақтарының жоспарларын қамтиды. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жоспарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы әзірлейді. 2. Аумақтық қорғаныс аймақтарының жоспарларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері әзірлейді және бекітеді. 3. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, қаланың, ауданның) аумақтық қорғаныс жоспарларын, қажет болған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерімен келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері әзірлейді және бекітеді және аумақтық қорғаныс аймақтары жоспарларының құрамдас бөлігі болып табылады.
2-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Президенті: 1) аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау мақсатында әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиындарға шақыру туралы шешім қабылдайды; 2) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру жүйесін айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) аумақтық қорғанысты ұйымдастыруды, жоспарлауды және оған тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға аумақтық қорғанысты дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды және міндеттерді орындау көлемдерін айқындайды, олардың іс-қимылдарын үйлестіреді; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс саласындағы қызметіне басшылық жасайды; 3) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді; 4) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін бекітеді; 6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
10-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыреті 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады. 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне аумақтық қорғаныс саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ оны жоспарлау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бекітеді; 3) аумақтық әскерлерді қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етеді; 4) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларын әзірлейді; 5) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді; 6) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының құзыреті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерінің қызметін үйлестіреді; 3) аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіреді; 4) аумақтық әскерлерді қолдануды жоспарлайды және олардың іс-қимылдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) аумақтық қорғаныстың тиісті аймақтарының шегінен тыс жерлерде аумақтық әскерлерді қолдану туралы шешім қабылдайды; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдануды жоспарлау және басқару, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауы саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті 1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады; 2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді; 3) аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін бөлінетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдардың және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрамын айқындайды; 4) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес аумақтық қорғаныс объектілерін қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады; 5) қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асырады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 6) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізуге қатысады; 7) соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тиісті әскери басқару органдарына бағынуын қамтамасыз етеді; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының өзге де құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады; 2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді; 3) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады; 4) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізеді; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасының Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өз құзыреті шегінде: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады; 2) азаматтық қорғау органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді; 3) әскери басқару органдарынан алынған ақпарат негізінде халыққа қауіпсіздікке төнген тікелей қатер туралы күні бұрын хабар беруді және құлақтандыруды қамтамасыз етеді; 4) орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, эвакуациялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады; 5) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады; 6) жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады; 2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді; 3) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады; 4) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізеді; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі өз құзыреті шегінде: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады; 2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 6. Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде: 1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады; 2) аумақтық қорғаныс күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде оларды қорғауды және олардың қорғанысын ұйымдастырады; 3) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізеді; 4) жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді; 5) аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 1. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық қорғанысын ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды; 2) аумақтық қорғаныс жоспарларын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады; 3) аумақтық қорғаныс күштеріне, меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға өкімдер береді, олардың арасындағы өзара іс-қимылды және басқаруды ұйымдастырады; 4) аумақтық әскерлердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін өрістетуді қамтамасыз етеді; 5) аумақтық қорғаныс саласындағы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери басқару органдарымен келіседі; 6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жүргізіліп жатқан аумақтық қорғаныс іс-шаралары және аумақтық қорғаныстың жай-күйі туралы хабар береді; 7) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізеді; 8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыреттермен қатар, өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады; 2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын уәкілетті орган бекіткен саны мен құрылымы шегінде заттай нормаларға (жабдықтау нормаларына) сәйкес, күтіп-ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылытуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, соғыс уақытындағы штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдардың запастарын жасауды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізуді, аумақтық әскерлер бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге әскери жиындар өткізуді қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етеді; 3) аумақтық әскерлердің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін жүзеге асыратын жұмыскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді; 4) аумақтық қорғаныстың тиісті аймақтарының аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша бекітеді. 3. Әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық қорғанысының бастығы болып табылады және аумақтық қорғанысты ұйымдастыру мен оның жай-күйіне жауапты болады.
14-бап. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың функциялары Меншік нысандарына қарамастан ұйымдар: 1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізуге қатысады; 2) аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді; 3) жұмылдыру тапсырысы негізінде арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді; 4) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында аумақтық қорғаныс мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін, ғимараттарды, құрылысжайларды, көлік құралдарын және өздерінің меншігіндегі басқа да мүлікті олардың құнын мемлекет кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен соған тең мөлшерде өтейтіндей етіп береді; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасының азаматтарының соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларына сәйкес өзін-өзі қорғау құралымдарына кіру арқылы аумақтық қорғаныс іс-шараларына жүргізуге ерікті түрде қатысуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтарын өзін-өзі қорғау құралымдарына еріктілер ретінде қабылдау әскери қызметке шақырудан босатуға негіз болып табылмайды. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде, сондай-ақ соғыс уақытында аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға тартылады. Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсыластың қару қолдануының салдарын жоюға, бүлінген, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге қатысады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасы3-бап. Аумақтық қорғаныстың мақсаты мен міндеттері4-бап. Аумақтық қорғаныстың қағидаттары5-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы6-бап. Аумақтық қорғаныс іс-шаралары7-бап. Аумақтық қорғаныс жоспарлары 2-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ8-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті10-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның құзыреті11-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының құзыреті12-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті13-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті14-бап. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың функциялары15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері16-бап. Аумақтық қорғанысқа басшылық жасау 3-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ17-бап. Аумақтық қорғаныс күштері және олардың арналымы18-бап. Аумақтық әскерлер19-бап. Өзін-өзі қорғау құралымдары20-бап. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын материалдық қамтамасыз ету және аумақтық әскерлерді ұстау21-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау 4-тарау. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ22-бап. Аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау23-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |