Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік меншіктің құпия объетілерін пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген
Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мемлекеттік құпиялар туралы заң) және «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Патент заңы) сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді қарау үдерісінде оларды құпиялыға жатқызған кезде өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|