«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2020.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
Атқарушылық іс жүргізу бойынша есептілікті жетілдіру мақсатында, 2017 жылғы 30 маусымдағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мыналарды: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет және қызмет барысында қолдану үшін жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Бас Прокурорының 2020.20.11. № 143 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына 1-қосымша
нысан
№ 4-нысан. Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы есеп № 1-кесте. Атқарушылық құжаттардың қозғалысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|