Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысымен бекітілген
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын (бұдан әрі - сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Сараптаманы қаржыландыру пайдаланушы ұйымның немесе атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаражатынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
2. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі
3. Сараптаманы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің осы түрін жүзеге асыруға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) аккредиттелген ұйымдар (бұдан әрі - аккредиттелген ұйым) жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|