Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 176/3 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «3) «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»;»; көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакциядағы 4) және 5) тармақшаларымен толықтырылсын: «4) «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»; 5) «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау».»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын; осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|