Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы (2024.14.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024.30.09. № 134/ҚЕ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. «Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 218 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9688 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 тамызда жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интеренет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары М.Ө. Қалқабаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|