«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 және «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) осы қаулыға 13-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмысшыларына (отбасы мүшелеріне) зейнетақы және зейнетақы жинақтары бойынша төлемдер көлемі туралы есеп нысаны;»; 2-тармақта: 1) тармақша алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) тоқсан сайын - осы қаулының 1-тармағының 13-1) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»; 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|