| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 137-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»; 2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: «2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 1. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және тоқтату мәселелері бойынша қатынастарды реттеу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру негіздерін, шарттары мен тәртібін айқындау; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды, оны жоғалтуды, одан айыруды тіркеуді жүзеге асыру; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау; 4) азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу. 3. Осы Заңның негізгі қағидаттары: 1) әрбір адамның азаматтыққа құқығы бар; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығы оны алу негіздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматы үшін бірыңғай және тең болып табылады; 3) азаматтық адамның еркіне қарсы берілмейді; 4) азаматтық мәселелер бойынша балаларға қатысты шешімдер қабылдау кезінде баланың неғұрлым жақсы мүддесі ескеріледі; 5) азаматтықтың болмауына жол бермеу және оны азайту.»; 3) 30-бапта: бірінші бөлікте: 3) тармақша «тұрақты тұратын» деген сөздерден кейін «және уақытша болатын» деген сөздермен толықтырылсын; 3-1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 7) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; екінші бөлік алып тасталсын; 4) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын: 31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі: осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері: Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындайды.». 2. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»; 2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары 1. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады. 2. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық мəртебесін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады. 3. Осы Заңның негізгі қағидаттары: 1) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады; 2) Қазақстан Республикасында шетелдіктер өздерінің шығу тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге де мəн-жайлар бойынша заң мен сот алдында тең болады; 3) шетелдіктердің өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылысқа қол сұқпауға, қоғамдық тəртіпке, имандылыққа жəне халықтың денсаулығына нұқсан келтірмеуге тиіс.». 3-тармақ 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.»; 2) 2-бапта: 44-3) тармақша мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын: «Тұрғын үй төлемдері ағымдағы жəне біржолғы тұрғын үй төлемдері, тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына берілетін ақшалай өтемақы (бұдан əрі - ақшалай өтемақы) болып бөлінеді. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері деп осы Заңның 101-4-бабының 1-тармағына сəйкес ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын төлемдер түсініледі. Біржолғы тұрғын үй төлемдері деп осы Заңның 101-1-бабының 4-тармағында, 101-9-бабының 2 жəне 4-тармақтарында жəне 101-12-бабының 1-тармағында көзделген біржолғы сипаттағы төлемдер, сондай-ақ 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленген біржолғы сипаттағы тұрғын үй төлемдері түсініледі. Ақшалай өтемақы деп осы Заңның 101-13-бабында көзделген біржолғы сипаттағы төлем түсініледі;»; 44-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «44-4) тұрғын үй төлемдерін алушы - тұрғын үй төлемдері тағайындалған, тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдағы арнаулы мемлекеттік органның қызметкері жəне əскери қызметші (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсантты, тыңдаушыны, кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда), сондай-ақ құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қызметкері (курсантты қоспағанда), сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) аталған қызметкерлердің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелері;»; 3) 3-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын; 4) 13-бапта: 1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшінің (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда), оның ішінде қызметтен шығарылған адамның отбасы мүшелерінің тобы осы Заңның 101-10-бабына сəйкес айқындалады.»; 4-тармақтағы «2 немесе 2-1-тармағында» деген сөздер «2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «3 жəне 4-тармақтарында көзделген негіздер» деген сөздер «3, 4 немесе 4-1-тармақтарында көзделген негіз» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың екінші бөлігіндегі «(курсанттарға, аспиранттарға)» деген сөздер «(курсанттарға, кадеттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға)» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта: 7) тармақшада: үшінші абзацтағы «арнаулы мемлекеттік органдардың», «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздер тиісінше «құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының», «құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттік органдардағы» деген сөздер «құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-1) тармақшадағы «арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы» деген сөздер «құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшадағы «адамдар;» деген сөз «адамдар құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 10) тармақша алып тасталсын; 10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін, ақшалай өтемақы алса немесе тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.»; 5) 67-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерін жəне мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін өздерінің интернет-ресурстарында жариялау талаптары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға, құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға, азаматтық қорғау органдарына қолданылмайды.»; екінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының» деген сөздер «құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде не ақпараттық жүйе болған кезде сол арқылы автоматты режимде беріледі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің жəне ақпараттық жүйесінің жұмыс тəртібін уəкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.»; 7) 101-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он жəне одан көп жыл болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе əскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе əскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы. Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп жыл болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе əскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе əскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы. Құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе əскери қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде аталған, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда, аталған қаза болған (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды алуға жəне оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.»; 6-тармақта: бірінші бөліктегі «3-тармағында» деген сөздер «3, 4 немесе 4-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; 8) 13-1-тараудың тақырыбы мен 101-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-1-тарау. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері 101-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшінің (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға құқығын іске асыруы 1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету осы тарауда белгіленген тəртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап жүзеге асырылады. Егер осы тармақтың үшінші жəне төртінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдағы арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, əскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне олардың таңдауы бойынша қызметтік тұрғынжай беріледі немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады. Осы баптың 7 жəне 9-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжаймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру жəне ағымдағы тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақыны алған, тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған не тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемені орындаған жағдайларда, сондай-ақ оларда тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқығы туындаған жағдайда, тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғынжайға мұқтаж деп танылған кезде қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда жеке арнайы шотына ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-4-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сəйкес белгіленген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің елу пайызы мөлшерінде аударылады, олар қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады. Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеретін орнынан берілген қызметтік тұрғынжайдан бас тартқан жағдайда тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерінен алына отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері тағайындалмайды. 2. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Əрекеттегі резервтің қызметкері мен əскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының (прокуратура мен азаматтық қорғау органдарын қоспағанда) бірінші басшылары жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді. 3. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тəртіппен жекешелендіруге құқығы бар. 4. Əскери-дəрігерлік комиссия есептен (əскери есептен) шығара отырып, қызметке (əскери қызметке) жарамсыз деп таныған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы) немесе ауруы себебімен қызметтен шығарылған кезде аталған қызметкер мен əскери қызметшіге біржолғы тұрғын үй төлемдері аударылады. Біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдері шегеріле отырып, тұрғын үй төлемдерін алушының өзін қоса алғанда, қызметтен шығарылған кездегі отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебімен алынған тұрғынжай алаңын мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады. Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер: 1) мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші құқыққа қайшы əрекеттер жасаған кезде немесе психикалық белсенді заттарды (немесе сол тектестерді) тұтыну жəне масаң күйі немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденсе; 2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса; 3) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерімен жəне əскери қызметшімен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған, тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттеме орындалса; 4) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған, сондай-ақ тұрғынжай мұрагерлік бойынша алынған жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса; 5) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса, төленбейді. 5. Тұрғын үй төлемдерін алушыға осы баптың 4-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады. Егер құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылса, осы баптың 4-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау жүзеге асырылады. Тұрғын үй төлемдерін алушыны жеке құрам тізімдерінен алып тастау, құқық қорғау органдарынан немесе азаматтық қорғау органдарынан шығару оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін берілген баянатына сəйкес тағайындауға жəне жүзеге асыруға кедергі болмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |