Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 ақпандағы № 70 бұйрығымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. «Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 мамырдағы № 141-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8537 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 тамыздағы № 189 (28128) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 300 бұйрығымен бекітілген
Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|