Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ/ЖИТС, ерте жүктіліктің мәселелері бойынша орта және жоғары білім беру жүйесінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 42-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ), АИТВ/ЖИТС және ерте жүктілік мәселелері бойынша орта және жоғары білім беру жүйесінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша біріккен жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ЖЖБИ, АИТВ/ЖИТС-тың, ерте жүктіліктің мәселелері бойынша орта және жоғары білім беру жүйесіндегі білім беру бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды 2015 жылғы 10 қарашасына дейін жіберсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі А.В. Цойға және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшысының соңғысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 839 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 636 бірлескен бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|