Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы (2018.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.24.04. № 192 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.24.04. № 192 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа қоса берілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.24.04. № 192 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері
1-бөлім. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|