ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына 4-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша қаражатты теңгемен аудару.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге өтінішті тапсыруы негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады: 1-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар пакетін қабылдауы, өтінішті тіркеуі; 2-рәсім - құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеру; 3-рәсім - көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиатының мәртебесінің болуына, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметтерді тексеру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|