«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 321 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15556 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қорғаныс министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|