Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы (2019.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.23.11. № 483 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.23.11. № 483 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары бекітілсін; 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник 2 сәуір 2015 жыл
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|