Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін. 2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 84 қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|