|
Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2025 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген
Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді. 2. Қағидалар 60 метрге дейінгі тереңдікке қысқа мерзімге түсу әдісімен орындалатын сүңгуірлік жұмыстарға қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|