|
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (2023.14.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.10.03. № 20 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.17.02. № 14 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілетін Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының қағидалары мен мерзімдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымын, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандарын, тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 107 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9462 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 28 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқарма төрағасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|