Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе). 2. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|