Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 6-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021.23.07. № 362 бұйрығымен 6-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖБС) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады. 2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) базалық құзырет - білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білім, білік және дағдылардың жиынтығы; 2) базалық модуль - білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі; 3) білім алушының жеке компоненті - жобалау жұмысы арқылы біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі; 4) білім беру ұйымының таңдау компоненті - WorldSkills стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер тізбесі; 5) демонстрациялық емтихан - білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|