Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі Қағидаларын бекіту туралы
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы» Заңының 4-бабының 9-27) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын күтіп-ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін. 2. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 1/57 қаулысына қосымша
Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағида
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын күтіп-ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі-қағидалар) «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 9-27) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын күтіп-ұстау және оған техникалық қызмет көрсету тәртібін айқындайды. 2. Осы Ереже Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі субұрқақтарға қолданылады. Өзге субұрқақтарға қатысты осы Ереже ұсынымдық сипатта болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|