Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, таратуға жатады.
Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 336 бұйрығына 1-қосымша
Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге ереже
1. Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеңесші органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|