ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.08.12. № 610 бұйрығымен; 2018.29.12. № 722 бұйрығымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспары жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығына қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (2019.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Миссиясы: білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін ұлттың интеллектуалдық әлеуетін жетерліктей дамытуды қамтамасыз ететін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы рухында өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Пайымы: Қазақстан экономикасының дамуының негізгі драйвері ретінде тиімді қызмет етуші және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне кіріктірілген, республиканың әрбір азаматының өзінің еліне мақтаныш сезімін дамытуға ықпал ететін білім беру мен ғылымның озық жүйесі.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. 1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері. Қазақстанда білім беру саясатының басты бағыттарының бірі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болып табылады. 2017 жылы 9 828 мектепке дейінгі ұйым қызмет етті. 2015 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар желісі 994 бірлікке артты (2015 жылы - 8 834 бірлік, 2016 жылы - 9 410 бірлік). Соңғы үш жылда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 53,8%-дан 66,1%-ға артты, өсім 12,3% құрады (2015-2016 оқу жылы - 53,8%, 2016-2017 оқу жылы - 64,5%, 2017-2018 оқу жылы - 66,1%), 3 жастан 6 жасқа дейін 81,6%-дан 90,5%-ға дейін артты (2015-2016 оқу жылында - 81,6%, 2016-2017 оқу жылында - 85,8%, 2017-2018 оқу жылында - 90,5%), өсім 8,9%-ды құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|