Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу мен сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген. 2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге мынадай біліктілік талаптары қойылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|