Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийі; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|