|
Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы (2025.03.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.11.04. № 162 бұйрығымен (2025 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Қаржы министрінің 2022.11.01. № 22 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.11.04. № 162 бұйрығымен (2025 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д. Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|