Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы (2016.22.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.22.04. № 395 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мынадай нысандар бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру нәтижелері туралы акт; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы акт; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|