Астана қаласының аумағындағы Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына, 7-бабына, «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Астана қаласының аумағында Жасыл екпелерді жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1298 болып тіркелген) шешімінің; 2) «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 160/23-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27496 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне қосымша
Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|