|
2020-2022 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджеті туралы (2020.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қызылорда қалалық мәслихатының 2020.11.02. № 304-56/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.04.09. № 368-65/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.23.10. № 384-68/6 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. 2020-2022 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 134 631,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 4 242 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 0; трансферттердің түсімдері - 130 389,8 мың теңге; 2) шығындар - 135 313,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -681,5 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 681,5 мың теңге; қарыздар түсімі - 0; қарыздарды өтеу - 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 681,5 мың теңге. 2. Қалалық бюджеттен Қарауылтөбе ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2020 жылға - 46 877 мың теңге, 2021 жылға - 47 699 мың теңге, 2022 жылға - 48 594 мың теңге сомасында бекітілсін. 3. 2020 жылға арналған Қарауылтөбе ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|