|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар, № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-IІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 3, 13-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат): 29-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақшаның екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi: шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуына жергілікті атқарушы органның рұқсаттары негізінде, сондай-ақ еңбек көшіп келушісіне ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға; дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының шетелдік қызметкерлеріне қолданылмайды.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 3-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-IІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат): 1) 39-1-баптың 4-тармағында: бірінші бөліктегі «бiлiм беру ұйымдарының» деген сөздер «бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік «бiлiм беру ұйымдары» деген сөздерден кейін «мен олардың ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 67-баптың 12-1-тармағының екінші бөлігіндегі «білім беру ұйымының басшысы» деген сөздер «білім беру ұйымы мен оның ұйымының басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 3-тармақтың 1) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) мазмұнындағы 253-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер»; 2) 135-1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жылдық жиынтық кірісінде алған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістер, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:»; 3-тармақтың 3) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) 156-баптың 1-тармағында: 42) тармақшада: бірінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:»; үшінші абзацтағы «оқытылатын тұлғаның тұруына» деген сөздер «тұруға» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 43), 44) және 45) тармақшалармен толықтырылсын: «43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер: мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар: орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар; жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар; мынадай: осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері; осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілген кезде - оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары; келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны). Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында: дайындық бөлімінде; мынадай білім беру деңгейлері бойынша: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп; негізгі мектеп; жоғары мектеп; күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері: орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады; 44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда; 45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға: медициналық сақтандыруға; осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.»; 3-тармақтың 4) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) 192-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: «3) бейрезидент заңды тұлғаның: осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына; осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістері; 4) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірістері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды.»; 3-тармақтың 5) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5) 193-баптың 5-тармағының 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын; 3-тармақтың 6) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 6) 198-бапта: 1-1-тармақ алып тасталсын; 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісін тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай кіріс түрлері:»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісіне осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер қосылмайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады.»; 3-тармақтың 7) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) 209-баптың 2-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы;»; 2) тармақшаның бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы (К);»; 3-тармақтың 8) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 8) 231-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызметті;»; 3-тармақтың 9) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 9) 237-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша нысаналы салым алынған күнтізбелік айдың соңғы күні өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.»; 3-тармақтың 10) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 10) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын: «18-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша салық салынатын айналым мөлшері алынған нысаналы салым сомасы ретінде айқындалады.»; 3-тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 11) 253-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: 3-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер 3-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. Осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер қосылған құн салығынан босатылады. 3-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі қосылған құн салығынан босатылады.»; 3-тармақтың 12) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 12) 257-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды;»; 3-тармақтың 13) тармақшасы 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 13) 260-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары осы Кодекстiң 253-1-бабының 2-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және қалған айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.». 4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат): 1) 1-баптың 37-1) және 57-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - «Өркен» гранты) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;»; «57-1) халықаралық мектеп - дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;»; 2) 26-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Конкурстық негізде «Өркен» гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.»; 3) 37-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.»; 4) 39-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі «ұйымдарының» деген сөзден кейін «, олардың ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.»; 6) 44-баптың 9-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.»; 7) 47-баптың 6-1-тармағындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 57-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметіне лицензияның қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия негізінде жүзеге асыруға құқылы.». 5. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) дербес білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі осы Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым; 2) Зияткерлік мектептер ұйымдары - Зияткерлік мектептер құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Зияткерлік мектептерге тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары; 3) «Назарбаев Университеті» білім беру гранты - осы Заңда белгіленген шарттарда тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы; 4) «Назарбаев Университеті» стипендиясы - «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша білім алушыға берілетін ақша сомасы; 5) сабақтан тыс қызмет - тізбесі тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілетін іс-шаралар түрінде жүзеге асырылатын, Университеттің, Зияткерлік мектептердің білім беру процесіне қатысушылардың білім алушыларды жан-жақты дамытуға және олардың жеке қабілеттерін іске асыруға бағытталған қызметі; 6) Университеттің инновациялық кластері (бұдан әрі - инновациялық кластер) - ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру, технологиялар трансферті, жобаларды коммерцияландыру, жаңа немесе жетілдірілген технологиялар мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасау және енгізу шеңберіндегі кооперацияның жоғары дәрежесі есебінен бір-бірінің бәсекелестік артықшылықтарын өзара толықтыратын және күшейтетін, Университет аумағында орналасқан ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерінің және олармен өзара байланысты өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің бірлестігі; 7) Университет ұйымдары - Университет құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Университетке тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары.»; 2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Білім беру қызметін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Университетке, Зияткерлік мектептерге, олардың ұйымдарына және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.»; 3) 4-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласындағы қызметті» деген сөздер «білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беруді» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Университет білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады: 1) орта білімнен кейінгі білім беру; 2) жоғары білім беру; 3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.»; 2-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Зияткерлік мектептер білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беру саласында жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Зияткерлік мектептер білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп; 2) негізгі мектеп; 3) жоғары мектеп.»; 4) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Дербес білім беру ұйымының: 1) нысаналы салым қаражатын өзінің жоғары басқару органының немесе Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының тапсырмасына сәйкес қайта бөлуге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |