Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қағидаларын, Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2017.02.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|