Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабының 9-23) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары бекітілсін. 2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 1/13 қаулысына қосымша
Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер Осы Алматы қаласының аумағында және қала маңы аймағында стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағында және қала маңы аймағында стационарлық емес сауда объектілерін орнату тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады: 1) кәсіпкерлік субъектісі - бұл жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|