Қостанай облысы Рудный қаласының Бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қостанай облысы Рудный қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қостанай облысының Рудный қаласы бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 74 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы Рудный қаласының бас жоспарының негізгі ережелері (бұдан әрі - Негізгі ережелер) Қостанай облысы Рудный қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) шеңберінде бірінші кезектегі (2020 жыл), есепті (2030 жыл) жобалау мерзімдеріне және Рудный қаласын дамытуды ұзақ мерзімді болжамына (2045 жылға дейін) арналған Рудный қаласын дамытуды және құрылыс салуды кешенді жоспарлау бойынша басты жобалау ұсыныстары мен шешімдерінің қысқаша мазмұндамасы болып табылады. Бас жоспар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, қала аумағының экология, әлеуметтік-экономикалық және аумақтық даму мәселелерін реттейтін құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің нұсқама ережелеріне сәйкес әзірленген. Бас жоспардың схемасы (негізгі сызба) перспективалы аумақтық дамудың шегінде (осы Негізгі ережелерге қосымша) орындалған.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|