Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2016 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Назарбаев орталығы) базасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кітапхана) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Кітапхананың Жарғысы бекітілсін. 3. Кітапхананың штат саны 85 бірлік болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» (бұдан әрі - «Астана» галереясы) республикалық мемлекеттік мекемесін құратын болсын; 2) «Астана» галереясы қорының сақталуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Назарбаев орталығының 269 бірліктегі штат санының және Назарбаев орталығына бекітіп берілген мүліктің «Астана» галереясына берілуін қамтамасыз етсін; 3) Кітапхана мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларын (мөлшерлемесін) белгілеуді қамтамасыз етсін; 4) Кітапхананың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 13-і.
№ 767
Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|