Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының тоғызыншы және он бірінші абзацтары 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 361 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 447-2) және 447-3) тармақшалармен толықтырылсын: «447-2) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 447-3) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;». 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: 198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «198) заңды тұлғаларға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын өнімнің (азаматтық пиротехникалық заттардың және олар қолданылып жасалған бұйымдардың) экспорты мен импортына лицензия алу үшін өтінішті келіседі;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|