«Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылауқұралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы (2022.24.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары бекітілсін. 2. «Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11439 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымдағы № 121 (28247) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 390 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|